7 күнге арналған жапон диетасы

22:05, 28 мамыр 2017

Азиялық әйелдер арасынан артық салмақтыларын көп кездестіре бермейтініміз рас. Оның сыры неде? Табиғат па, тұқымқуалаушылық па? Әлде олардың ас мәзірінде құпия болар? Бұл сұрақтардың жауабы қандай болса да, сіз азиаттықтардікі сияқты әдемі мүсінді армандап жүрсеңіз, төмендегі жапондық диетамен 7 күнде 5 килограмм салмақ тастаңыз. Оның артықшылығы – диетамен жоғалтқан артық салмақ қайта оралмайды!

 

 Қандай диета болмасын, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін оның талаптарын толығымен орындау керек. Сол сияқты жапондық диетаның басты талаптары – тәтті, ұн өнімдері, майлы мен тұзды тағамға жоламау. Егер 7 күн жапондық диетадан кейін де оның ережелеріне ұстанатын болсаңыз, диета кезінде тастаған салмағыңызды қайта қоспайтын боласыз.

 Бұл диетаны бастаудан бір күн бұрын тұз бен етті ас мәзірінен азайтыңыз. Көкөністерден көбірек жеп, күніне, кем дегенде, 1,5 литр су ішіңіз.

 

1-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе ішіп, артынан 1 стакан су ішіңіз. Су ағзадағы токсиндерді айдап шығарып, астың дұрыс қорытылуына септігін тигізеді.

Түскі асқа 2 піскен (қайнатып) жұмыртқа, пекин орамжапырағынан дайындалған шағын салат және 1 стакан томат шырыны жеткілікті. Томат шырынын үйде дайындаған жөн. Өйткені дүкенде сатылатын шырынның құрамында тұз болады. Ал жапыон диетасының басты қағидағысының бірі – тұздан бас тарту.

Кешкі асқа балық (250г) пісіріп (буда не қайнатып) жеңіз.
 

2-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе мен аздаған қатқан нан (ржаной сухарик).

Түскі асқа орамжапырақтан дайындалған шағын салат пен балық (қайнатып пісірген).
Кешкі асқа 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және 1 стакан айран (майлылығы 1%).

 

3-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе мен аздаған қатқан нан (ржаной сухарик).

Түскі асқа табаға аздап зәйтүн майын құйып, кәді қуырып жеңіз.

Кешкі асқа 2 жұмыртқа (суға піскен), 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және орамжапырақтан дайындалған шағын салат.
 

4-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе.

Түскі асқа міндетті түрде ірімшік тілімі (15 г), 1 жұмыртқа (суға піскен) және сәбіз (суға піскен).

Кешкі асқа 2 қызыл алма.


5-күн:

Таңғы асқа сәбіз (суға піскен) бен лимон шырыны.

Түскі асқа 250 г балық (буда не қайнатып) және 1 стакан томат шырыны.

Кешкі асқа 2 қызыл алма.

 

6-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе.

Түскі асқа 500 г тауық еті (қайнатып), зәйтүн майымен орамжапырақ немесе сәбіз салаты.

Кешкі асқа орамжапырақ салаты және 2 жұмыртқа (суға піскен)

 

7-күн:

Таңғы асқа 1 кесе көк шай.

Түскі асқа 200 г сиыр еті (қайнатып) және жемістер (алма, алмұрт, апельсин).
Кешкі асқа үшінші күнгі ас мәзірінен (2 жұмыртқа (суға піскен), 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және орамжапырақтан дайындалған шағын салат) басқасының кез келгенін жеуіңізге болады.

Сонымен қатар күнделікті, кем дегенде 1,5 литр су ішіп жүруді ұмытпаңыз.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!