Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды

17:56, 17 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті.

"Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 - ге жуық өтініш қанағаттандырылды", - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Айта кетсек, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек түрлерін ала алатынын мына арадан біле алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!