Жылқы пирамидасы: 500 басты жоқ қылған қос бақташы ұсталды

10:21, 14 сәуір 2021
638

© Сурет: maltabu.kz

Қарағанды облысында 500 бас жылқыны жоқ қылған бақташылар ұсталды. Олар елдің бағуға берген жылқыларын жылдар бойы жымқырып, малын алуға келгендерге басқа біреудің қосқанын ұстатып жібере берген, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

47 жастағы қос азамат 2007 жылдан бері Шет ауданында жылқы баққан. Алайда әккі бақташылар ен салынбай қосылған малдарға қырғидай тиіпті. Ал төрт түлігін түгендеуге келгендерге үйірдегі кез келген жылқыны көрсете салып отырған. Соғым алуға келсе, көзіне түскенін сойып беріпті. "Мал басы көбейіп жатыр" деп масайрағандар әр жылқыға айына 1500 теңгеден төлеп бақтырған екен. Шындығында ол жылқылардың құмда ізі қалмағанын енді білген 50-ден аса адам сан соғып қалды. Тергеушілер 174 миллион теңгенің малы жоғалды дейді. Бірақ жылқышылардың шығынды қайтаратын қауқары жоқ.

Қанағат Сайлауұлы, Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі:

- Соның жұмысы ғой бағып жүрген, бірақ ақшасы жетпей сатып жіберген шығар. Шамамен миллион тапқан, ақшасын жаратып тастаңан, баласының оқуын төледі. Бір уақытта болған жоқ ол, сол 2007 жылдан бастап бір уақытта болса, ол байып алар еді. Ал былай ол ақша жұмсала берген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!