Жұрт өңірдегі биліктен түсініктеме ала алмайды, содан соң Елордаға жүгініп жатады – Тоқаев
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі билік өкілдеріне халықпен ашық әрі түсінікті қарым-қатынас орнату маңызды екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, шағымданатын азаматтардың арасында әртүрлі адамдар бар, бірақ шын мәнінде көмекке мұқтаждар аз емес, оларға қолғабыс ету қажет.
"Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түсті. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп", – деді Тоқаев.
Президент мәлімдегендей, шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде дер кезінде шешуге болады, алайда кейбір азаматтар өңірдегі биліктен қарапайым мәселелер бойынша түсініктеме ала алмай, тікелей елордаға, тіпті Президентке хат жолдауға мәжбүр болады. Оның сөзінше, олардың арасында үнемі арыз жазатын "кәсіби" шағымданушылар бар, бірақ көбі өз шын мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға жүгінеді.
Тоқаев мәслихат депутаттарын халық пен билік арасындағы көпір ретінде қарастыруға шақырып, олардың тұрғындардың мәселесін шешуге толық құзыреті жететінін айтты.
2025 жылы облыстық деңгейде атқарушы органдарға 6 мыңға жуық депутаттық сауал жолданғанын атап өтті. Алайда Президент сөзінше, саннан гөрі сапа маңызды, яғни мәслихаттар өз мүмкіндігін тиімді пайдалануы қажет.
Мемлекет басшысы сондай-ақ аймақтардың дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы, халықтың билікке сенімі мәслихат депутаттарының жұмысына тікелей байланысты екенін ескертті. Ол барлық деңгейдегі депутаттарды халықпен ашық жұмыс істеп, әр шағым мен өтінішке мән беруге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 12 наурыз 2026
Азаматтарымызды қиын жағдайда қалдырмаймыз - Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді
-
14:55, 12 наурыз 2026
Балаларына алимент төлемеген семейлік жауапқа тартылды
-
14:48, 12 наурыз 2026
Агроөнеркәсіп секторын дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қалады – Президент
-
14:45, 12 наурыз 2026
15 наурызда әр азаматымыз Қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады – Тоқаев
-
14:45, 12 наурыз 2026
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 7 миллионға жуық балаға 2,5 миллиард доллар қаржы аударылды





