«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 7 миллионға жуық балаға 2,5 миллиард доллар қаржы аударылды
© Фото: pexels
Бүгінде халық саны 20,5 миллионнан асты. Бірақ мәселе тұрғындардың санында емес, адам капиталының сапасында. Мемлекет басшысы бүгін, 12 наурызда өткен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында дәл осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен еліміздің ең басты байлығы – адамдар екенін үнемі айтамын. Өздеріңізге мәлім, халқымыздың саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінде біз 20,5 миллионнан астық. Бірақ мәселе тұрғындардың санында емес, адам капиталының сапасында. Қазақстан өз азаматтарына әрдайым қамқорлық танытып, әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға тиесілі",- деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, адам капиталын дамытуға арналған инвестиция көлемі жыл сайын шамамен бір триллион теңгеге өсуде.
"Бұл көп қаражат деп айтсақ, қате болмас. Сондықтан мұның бәрін қалыпты нәрсе деп қабылдауға болмайды. Себебі осындай ауқымды әлеуметтік қамқорлық, бұл – ең алдымен, ел азаматтарының табанды еңбегінің жемісі және нәтижесі. Мысалы, ана мен баланы қолдау шараларын алайық. Көптеген дамыған мемлекетте, соның ішінде Еуропа елдерінде әйелдер баланы дүниеге әкелген соң бірнеше айдың ішінде жұмысқа шығуға міндетті. Ал Қазақстанда жағдай мүлдем басқаша". Қасым-Жомарт Тоқаев
Атап өтілгендей, мемлекет ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Түрлі жәрдемақылар, жеңілдіктер қарастырылған. Оларға жұмыс орнын сақтай отырып, үш жылға дейін еңбек демалысын алуға мүмкіндік берілген. Бір сөзбен, ата-аналар бала тәрбиесімен алаңсыз айналыса алады.
"Менің бастамаммен "Ұлттық қор – балаларға" жобасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Бүгінге дейін 18 жасқа толмаған 7 миллионға жуық баланың арнайы есепшотына 2,5 миллиард доллардан астам қаржы аударылды".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ҰҚК назарына ілікті





