Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата Заңның бастамашысы ғана емес, негізгі авторы
© Сурет: Жалпыұлттық коалиция
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру" атты сараптамалық алаңда сөйлеген сөзінде маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасын әзірлеуге алғашқы күндерден бастап белсенді қатысқанын атап өтті.
"Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының қызметін алғашқы күндерден бастап өте мұқият бақылап отырғаны баршаға аян. Ол Жұмыс тобының жетекшісін қабылдап, топ мүшелерімен кездесіп отырды, өз идеяларын айтып, бағыт-бағдар берді", – деді Айдос Сарым.
Мәжіліс депутатының айтуынша, жаңа Ата Заңды қабылдау қажеттігі ел азаматтарынан түскен ұсыныстардың орасан зор көлемін талдау нәтижесінде айқын болды.
"Халықтан мыңдаған ұсыныс түсіп, процесс кең ауқымға ие болған кезде, Президент Жұмыс тобының мүшелерін тура Құрылтай қарсаңында жинап, алда болатын ауқымды өзгерістер туралы мәлімдеді. Ол Конституциялық сот пен басқа да мемлекеттік органдардың атына түскен ұсыныстардың форматы, мазмұны мен көлемі жаңа Конституцияны қабылдау қажеттігін айқын көрсететінін айтты", – деді депутат.
Сондай-ақ, Айдос Сарым Президенттің құжатты әзірлеу барысында сарапшылар қауымдастығымен белсенді әрі тығыз жұмыс істегеніне ерекше назар аударды.
"Бұған өздеріңіз де куә болдыңыздар. Конституциялық комиссияның жұмысы барысында Мемлекет басшысы оның жетекшісімен бірнеше рет кездесті. Ол Конституциялық соттың төрағасын және басқа да ұйымдардың басшыларын қабылдады. Бұл Президенттің жұмысқа тікелей өзі араласып отырғанын көрсетеді", – деді ол.
Сөз соңында Айдос Сарым Мемлекет басшысының жаңа Конституцияны әзірлеудегі айрықша рөліне тоқталып, оны конституциялық реформаның басты архитекторы деп атады.
"Сондықтан Президентімізді жаңа Ата Заңның негізгі авторларының бірі әрі архитекторы деп айтуға болады. Бұл мызғымас ақиқат", – деп түйіндеді сөзін Айдос Сарым.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 22 сәуір 2026
9000 шақырымға жуық жол: 2026 жылы Қазақстанда қандай тас жолдар жөнделеді
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды





