Агроөнеркәсіп секторын дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қалады – Президент
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде агроөнеркәсіп секторы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қалады.
"7,4 миллион азаматымыздың тұрмыс-тіршілігі, яғни тұрғындардың 36 пайызы және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Соңғы жылдары бұл салаға бөлінген қаржы көлемі еселеп артты. Атап айтқанда, былтыр шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне бұрын-соңды дәл осындай орасан зор қолдау көрсетілмеген. Мұны шаруалардың өздері де айтып жүр. Бірақ өндіріс көлемін ұлғайтумен шектелуге болмайды. Біз заман талабына сай келетін, озық технологияға негізделген аграрлық-индустриялық экономика құруымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, өнімдеріміз ішкі нарықтың сұранысын толық өтеп, шетелге де тұрақты шығарылуға тиіс.
"Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды. Соның арқасында аймақтар тың серпінмен өсіп-өркендеп, халықтың әл-ауқаты арта түседі. Мемлекеттің жүйелі жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына әлемдегі озық компаниялар қызығушылық таныта бастады. Мысалы, шетел инвесторларының атсалысуымен Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында шикізатты терең өңдейтін және азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаражат салынды. Осылайша, ондаған мың адам жұмыспен қамтылады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Қазақстан цифрландыру мен әлеуметтік саясат арқылы дамудың даңғыл жолында екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 12 наурыз 2026
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларды іріктеу ережелері өзгерді
-
16:11, 12 наурыз 2026
Жұмысқа шықпаған, бірақ жалақы алған: «ҚАЖсервис» ЖШС-нің бұрынғы директорына қатысты амнистия күші жойылды
-
16:04, 12 наурыз 2026
Қазақстандықтардың бір бөлігіне су тарифі төмендетіліп, артық төленген қаражат қайтарылады
-
15:52, 12 наурыз 2026
Қазақстанда доллар бағамы қайта өсті
-
15:44, 12 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде





