Наурыздағы ҰБТ: бірінші аптадағы ең жоғары нәтиже – 136 балл
© Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінге дейін 31 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 63%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде және 74 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57,7%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 56,5 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 136 балл.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 101 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 56 ереже бұзушылық анықталды. 36 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 20 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - деп хабарлады ведомство.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске салайық, тестілеуге қатысуға 184 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті





