Журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды

14:36, 13 қыркүйек 2019

Қазақстанның қоғам қайраткері, белгілі жазушы, журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды.

Бұл туралы facebook-те Мұрат Әбенов жазды.

- Әділ ағамыздың өмір жолы қазақ бас­па­сө­зінің қара шаңырағы – "Егемен Қазақстан" газетімен ұштасып жа­тыр. "Социалистік Қазақ­стан­да" басталған еңбек жолы "Егемен Қазақстанға" ұштасты.
Қазақ әдебиетінің қоржыны аға­мыздың қаламынан туған "Шерағамның шеруі", "Ақ күм­без", "Көкжиек", "Жүрек жылуы", "Қара шаңырақ", "Тер­геу әлі біткен жоқ" атты шығар­ма­лар.

Ағамыздың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жеңгеміз, бала немерелері , досымыз, әріптесіміз Әділ ағамыздың кенже қызы Жазира Дуйсенбекова сабырлы болыңыздар дегіміз келеді.

Ағайындардың хабарлауы бойынша бүгін астанада сағат 19 : 00 Риксос қонақ үйінде қонақ асы беріледі.

Ертен сағат 10:00 Нурсая - 2 түрғын үй кешеңі ауласында намазы болады, ал 13:00 Тұран мейрамханасында асы беріледі, - деп хабарлайды ол .


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!