Ақтөбеде велотренажерге қысылып қалған бала құтқарылды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбеде велотренажерге қысылып қалған 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасына құтқарушылар көмегіне жүгінуге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінен қоңырау келіп түсті. 2009 жылы туған баланың қолы велотренажерде қысылып, ол оны өз бетімен шығара алмаған.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше қызметкерлері саймандардың көмегімен тренажерді ішінара бөлшектеп, баланың қолын босатып, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", делінген хабарламада.
Бұған дейін еліміздің әр өңірінен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтағанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 16 желтоқсан 2024
«Мен қашқан жоқпын». Башар Асад елінен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
-
20:03, 16 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде жол учаскелері жабылды
-
19:50, 16 желтоқсан 2024
Мемлекет басшысы Бибігүл Төлегенованы 95 жасымен құттықтады
-
19:42, 16 желтоқсан 2024
Super World-2024: Қазақстан спортшысы функционалдық көпсайыстан әлем чемпионы атанды
-
19:26, 16 желтоқсан 2024
Бағдат Мусин ел азаматтарын шын патриот болуға шақырды