Қазақстанда киіктердің саны 2,8 млн басқа дейін өсті

17:32, 17 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында 2024 жылы киіктердің саны 2,8 млн басқа жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол елімізде жануарлар дүниесін қорғаудың сәтті тәжірибесінің тағы бір мысалы ретінде киік популяциясының 2003 жылғы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн 833 мың басқа жетіп, ал көктемгі төлден кейінгі саны шамамен 4 млн басты құрағанына тоқталды.

Қазіргі таңда әлемдік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді.


"Халықаралық табиғатты қорғау одағы Қызыл кітапта киіктің табиғи қорғау мәртебесін үш санатқа жоғары көтеріп, "Жойылу қаупі төніп тұрған" санатынан "Қауіп төну шегіне жақын" санатына ауыстырды", - деп толықтырды Ерлан Нысанбаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!