Жүргізуші куәлігін, көліктің техпаспортын және мемлекеттік нөмірлерін дайындау қанша тұрады
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласындағы көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұйрыққа сәйкес құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):
- жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;
- көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 3 923 теңге (бір жиынтыққа);
- "ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 126 теңге;
Сондай-ақ құжатта құжаттаманы өндіру жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, есепке алу процестерін автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды автоматтандыруға кететін шығындар 747 563 358 теңге сомасында белгіленді.
Бұл қызметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" РПБ жанындағы РМК көрсетеді.
Бұйрық 2024 жылғы 24 маусымда күшіне енді.
Көліктердің қайталанатын нөмірлерін жылдам шығару қанша тұратынын айттық.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





