Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды

09:12, 21 қыркүйек 2018
380

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-шығыста жел соғып, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа райы циклон және соған ілесе келетін атмосфералық ағындарға байланысты болады.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысының кей жерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!