Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа жылдық құттықтауы оқырмандары арасында қызу талқыға түсті: «Қайрат қайда?»

13:48, 31 желтоқсан 2025

© Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық өнер иесі Жұлдыз Әбдукәрімова Жаңа жылға арналған отбасылық құттықтауын жариялады. Алайда көпшіліктің назарын бірден кадрларда Қайрат Нұртастың болмауы аудартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі еліміздегі әр отбасына береке, мейірім, жылулық пен махаббат тіледі.

"Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізден тыныштық, Патшамыздан пейіл кетпесін",- деп жазды Әбдікәрімова.

Әрине, оқырмандар тарапынан "Қайрат қайда?" деген сұрақтар қарша жауды. Тіпті кейбірі әзіл-шыны аралас пікір қалдырып, "Қайрат халқын таңдады" деп жазған.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімованың Астанадан анасына пәтер сыйлағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!