«Жүктілік пен даулы диагноз». Тараз тұрғыны емханадан 500 мың теңге өтемақы талап етуде
© Сурет: pixabay
Тараздың 32 жастағы тұрғыны Екатерина Остапенко екі жылдан бері медициналық картадағы "туберкулез" диагнозын жоюға тырысып келеді. Оның айтуынша, көптеген анализдер ауруды растамаған. Енді әйел моральдық өтемақы ретінде емханадан 500 мың теңге талап етуде, деп хабарлайды Zakon.kz
КТК тілшісіне Екатерина Остапенко екі жылдан бері өзіне таңылған туберкулез аурумен ауырмайтынын дәрігерлерге дәлелдей алмай келе жатқанын айтқан. Өйткені Ковид ауруына шалдыққан кезінде науқастың өкпесінда қара дақтар пайда болған көрінеді.
"Екі жылдан бері ешбір жерден туберкулездің таяқшалары табылмады. Барлық анализ теріске шығарды. Алайда қайда барсам да, туберкулез науқастарының есебінде екенім алдымнан шыға береді".Екатерина Остапенко
Екі жыл бұрын дәрігерлер науқастың өкпесіндегі қара дақтарын "туберкулездің қауіпті қоздырғышы" деп, тізімге тіркеп жіберген. Алайда бірнеше рет тапсырылған сынама бұл диагнозды теріске шығарған. Енді қатерлі жұқпалы ауру диагнозы қойылған әйелдің жақындары да кедергіге тап болуда.
"Балаларымды екі жылдан бері әр ауруханаға сандалтып қойған — дәрігерлердің салғырттығы. Жақын достары да жұқпалы аурудың қаупі барын естіп, одан теріс айналған. Бұл жағдай балаларға да қиын болды".Екатерина Остапенко
Келіншектің сабыры кезекті рет жүкті болған кезінде таусылған көрінеді. Емхана дәрігерлері қойылған диазноз үшін баланы алдырып тастау туралы кеңес берген. Алайда бұл қадамнан бас тартқан әйел әлі есепке де алынбапты. Ал дәрігерлер бар мәселе алдыңғы жүктілік кезінде жасалған отаға байланысты екенін айтады.
"Науқасқа, негізінен, жатырдың ұлғаюына және жүктіліктің дамуына байланысты бұрынғы тыртық орнында жатырдың жыртылу қаупі бар екені түсіндірілді. Мұндай жыртылу ұрыққа ғана емес, ананың өз өміріне де қауіпті екені белгілі. Оған осы туралы ескертіп, оған жүктілікті тоқтату туралы ұсыныс айту — міндетіміз".Сәуле Әйтекова, Тараз қаласы №1 емханасы бас дәрігерінің орынбасары
Барлық тиісті анализ тапсырған әйел бұл қауіптің де расталмағанын айтады. Енді ол өзіне таңылған негізсіз диагнозды алып тастауды талап етіп сотқа жүгінген. Жүктіліктің 11 аптасына жеткен 32 жастағы келіншек өзін жүктілер қатарына алуды сұрап отыр.
Бұған дейін жасөспірімнің өліміне байланысты Ақтауда хирург дәрігер ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 19 қараша 2026
Алматыда Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына орай ән байқауы өтті
-
21:57, 19 қараша 2026
Миланда Қазақстан киносының күндері өтті
-
21:49, 19 қараша 2026
Алматыдағы жолдардың бірі тау тастарының құлауына байланысты жабылады
-
20:54, 19 қараша 2026
Қостанай облысында автокөліктен қару мен жануардың бес ұшасы табылды
-
20:29, 19 қараша 2026
Астанада Қордай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол учаскесі ішінара жабылады





