Алматыда Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына орай ән байқауы өтті
© Сурет: adebiportal.kz
Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ақын-сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына биыл 100 жыл. Осы мерейтойға орай Алматыда мектептердің музыка пәні мұғалімдері арасында "Асыл арман" атты қалалық ән байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ақын-сазгер Бәкір
Бұл туралы Almaty.tv арнасының арнайы репортажында айтылады. Телеарна мәліметінше, байқауға 20-дан астам қатысушы өтінім беріп, композитордың елге кеңінен танымал туындыларын орындады. Сахнада қазақ қызының қайсарлығын дәріптейтін "Әлия", туған жерге деген сағынышты жеткізетін "Ақбұлақ", "Бозторғай" және басқа да әндер шырқалды.
Ақын-сазгердің ұлы Жасұлан Тәжібаев әке мұрасын кейінгі ұрпаққа таныту жұмыстарын жалғастырып келеді. Оның айтуынша, биыл Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналған екі кітап жарық көрген. Бірінде танымал әндерінің мәтіндері жинақталса, екіншісіне драматургиялық туындылары енгізілген.
"Жоспарым – бұдан әрі де осы жұмысты жалғастырып, Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізу. Биыл екі кітап шығардық. Біреуінде танымал әндерінің мәтіндері, екіншісінде драматургиялық шығармалары бар. Көпшілік әкемді ақын немесе сазгер ретінде таниды. Алайда оның Қазақстанның көптеген театрларында қойылған ірі драмалық туындылары да бар", – деді Жасұлан Тәжібаев.
Байқауға қатысқан ұстаздардың пікірінше, мұндай мәдени шаралардың тәрбиелік мәні зор. Олар Бәкір Тәжібаевтың әндері арқылы оқушыларға ұлттық өнерді таныстырып келеді.
"Қалалық іс-шаралар мен байқаулардың тәрбиелік мәні өте зор. Бәкір Тәжібаев әртүрлі тақырыпта ғана емес, балаларға да арнап ән жазған. Мысалы, "Ақбұлақ" әнін біздің оқушыларымыз өте жақсы орындайды", – деді №213 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Данара Сүлейменова.
Бұған дейін Миланда Қазақстан киносының күндері өтіп жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 19 қараша 2026
«Жүктілік пен даулы диагноз». Тараз тұрғыны емханадан 500 мың теңге өтемақы талап етуде
-
21:57, 19 қараша 2026
Миланда Қазақстан киносының күндері өтті
-
21:49, 19 қараша 2026
Алматыдағы жолдардың бірі тау тастарының құлауына байланысты жабылады
-
20:54, 19 қараша 2026
Қостанай облысында автокөліктен қару мен жануардың бес ұшасы табылды
-
20:29, 19 қараша 2026
Астанада Қордай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол учаскесі ішінара жабылады





