Жолдау басымдықтары: Жетісуда өндіріс қызметкерлерімен пікір алмасты
© Сурет: Жетісу облыстық әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері Талдықорған қаласындағы "Қайнар АКБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Олардың ішінде Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай мен Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Руфина Усановабар. Кәсіпорынның мәжіліс залында өткен іс-шараға 100 адам қатысты.
Кездесу барысында Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай өндіріс орындарының жұмыс орындарын құрудағы, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз етудегі және бюджет түсімдерін арттырудағы рөліне тоқталды. Ол "Қайнар-АКБ" өнімдерінің шетел нарығына шығуы отандық өндірістің әлеуетін көрсететінін атап өтті.
– "Қайнар-АКБ" – өңіріміздің мақтанышы. Өзіміздің туған жерімізде шығарылған өнімнің шетелде пайдаланылып жүргені қуантады. Өндіріс көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, азаматтардың табысы мен салық түсімдерінің көбеюіне ықпал етіп отыр. Сондықтан осындай кәсіпорындар дамуының ел экономикасындағы маңызы зор, – деді депутат.
ҚР Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усанова кәсіпорын жұмысшыларына қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.
– Кәсіпорынды аралау барысында өндірістегі жұмыстың қаншалықты күрделі әрі жауапты екенін көрдім. Мұнда еңбек ететін 1200 адамның 45 пайызы әйелдер екен. Осындай ауыр жұмысты атқарып жүрген әйел азаматтарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға еңбектеріңіз үшін рақмет, – деді Руфина Усанова.
Кездесуге қатысушылар облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру, Талдықорғандағы қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Сол сияқты әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндеттеріне тоқталып, жол, су, газ және электрмен жабдықтау мәселелерін шешудің маңызын айтты. Сондай-ақ басқосуда кәсіпорын қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі де көтерілді. Ұжым өкілі жұмысшылардың табысы кейбір тұрғын үй бағдарламаларының талаптарына сәйкес келмейтінін айтып, оларға баспана алудың қандай мүмкіндіктері барын сұрады.
Наурыз Сайлаубай кәсіпорынға "Отбасы банкпен" бірлесіп, қызметкерлердің табысы мен еңбек өтілін ескеретін арнайы ипотекалық бағдарлама әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол мысал ретінде Хромтаудағы тау-кен кәсіпорнының банкпен бірлесіп, жұмысшыларына баспана алуға қолдау көрсеткен тәжірибесін келтірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:47, 4 қараша 2026
Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 құрылысына Энергетика министрлігі де жауапты – министр
-
16:35, 4 қараша 2026
Қазақстан банктерінде алаяқтыққа қарсы талаптар күшейтіледі
-
16:27, 4 қараша 2026
Қазақстанда 870 мың адам баспана кезегінде тұр: министр жағдайды түсіндірді
-
16:15, 4 қараша 2026
Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды
-
16:07, 4 қараша 2026
Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріледі: 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы










