Жоғары Сот Кеңесі кезекті конкурсты қорытындылады

11:15, 5 маусым 2023
116

© Сурет: freepik

2023 жылдың 3 маусымында Жоғары Сот Кеңесінің кезекті мәжілісінде облыстық соттардың алқа төрағасы мен судьяларының, аудандық соттардың төрағаларының 65 судьялық бос орындарына жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылды.

Аталған байқауға барлығы 390 кандидат қатысты.

Олардың ішінде:

  • Облыстық соттың сот алқасы төрағасы лауазымының 1 бос орнына - 13 кандидат;
  • Облыстық және оларға теңестірілген соттар судьялары лауазымының 24 бос орнына - 316 кандидат;
  • Аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары лауазымының 40 бос орнына - 61 кандидат үміткер болды.

Байқауға қатысушылар арасында кандидаттардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Яғни, Алматы қалалық сотының судьялық лауазымының 5 бос орнына - 111 кандидат қатысса, ең аз көрсеткіш - Ұлытау облысында анықталды. Мұнда облыстық сотының судьялық лауазымының 2 бос орнына - 12 кандидат қана үміткер болды.

Аудандық соттар төрағалары лауазымдарының бос орындары ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы лауазымына ең көп үміткер ынта білдірді. Барлығы 14 кандидат болды.

Сонымен қатар, 5 аудандық соттардың:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты;
  2. Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық соты;
  3. Ұлытау облысының Қаражал қалалық соты;
  4. Павлодар облысының Тереңкөл аудандық соты;
  5. Ақтөбе гарнизонының әскери соты төрағалары лауазымдарына бірде-бір үміткер қатысқан жоқ.

Сонымен бірге, аудандық соттар төрағаларының 11 лауазымына лайықты кандидаттардың болмауы себебінен өткізілмеді.

Конкурстық іріктеу кешенді бағалау негізінде жүргізілді.

Кешенді бағалау барысында үміткерлердің заңгерлік мамандығы бойынша өтілі, ғылыми дәрежесінің, судьялар қауымдастығы мен жұртшылықтың оң қорытындыларының болуы, сұхбат нәтижелері және автоматтандырылған өңдеуге болатын басқа да көрсеткіштері ескерілді.

Атап айтқанда, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, этиканы сақтау және қарым-қабілеті жөніндегі басқа да маңызды мәліметтер, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі үміткерлер туралы жұртшылықтың пікірлері зерттелді.

Сонымен бірге, байқау барысында азаматтардан үміткерлерді сипаттайтын 600-ге жуық пікір келіп түсті.

Осы ауқымды жұмыстардың нәтижесінде кандидаттардың сапалы іріктелуіне қол жетті.

Конкурс қорытындысы бойынша Кеңес 47 үміткерді іріктеп алды, оның ішінде:

1 үміткер - облыстық сот алқасының төрағасы лауазымына;

22 үміткер - облыстық соттардың судьялары лауазымына;

24 үміткер - аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына.

Осы аталған үміткерлердің барлығы тәжірибелі судьялар, олардың ішінде 44 судья бұрын жоғары лауазымдарға тағайындауға ұсыныс алған, ал 7 судья кадр резервінде тұрған.

Ұсынылған 47 судьяның 34-і ерлер мен 13-і әйелдер және 9 судья мемлекеттік наградалармен марапатталған болса, 9 судьяның магистрлік дәрежесі бар.

Облыстық сот алқасының төрағасы лауазымына ұсынылған үміткер 57 жастағы судья, заңгерлік өтілі 32 жыл болса, сот жүйесіндегі еңбек өтілі 12 жылды құрайды.

Облыстық соттардың судьялары лауазымына орташа 49 жастағы, заңгерлік өтілдері 23,5 жыл, сот жүйесінде 18 жылды құрайтын тұлғалар ұсынылды.

Аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына орташа 44 жастағы, заңгерлік өтілдері 18 жыл, сот жүйесінде 9 жыл болған судьялар іріктелді

Осы Ұсынымдар алған үміткерлердің тізімі Кеңестің ведомстволық сайтында жарияланды.

Аудандық соттардың судьялары лауазымдарына арналған конкурстың қорытындысы аудандық соттар судьяларының нақты қазіргі күнге қосымша ашылған бос орындарын ескере отырып, кейінірек шығарылады.

Бұл тәсіл аудандық соттар судьяларының бос орындарының тізіміне конкурс жарияланған кезде бос болған лауазымдарды ғана емес, сонымен қатар конкурсты қорытындылау сәтіне қол жетімді барлық бос орындарды қамтуға жол береді.

Аудандық соттардың судьялары лауазымындағы жаңа Бос орындар туралы қосымша хабарландыру осы аптада Кеңестің сайтында жарияланады.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында жарияланған конкурсқа қатысып алқа төрағасы мен облыстық соттардың судьялары, аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына ұсынымдар алмаған үміткерлер Кеңестің атына өтініш бере алатындары қаперіңізге беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!