ЖИ алмастыра алмайтын бес маңызды дағды аталды

15:42, 13 тамыз 2026
MKZ: 1561148

© Сурет: pixabay

Forbes журналы жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда бұрынғыдан да жоғары бағалана бастаған бес дағдыны атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Forbes оқырмандарының пікірінше, бұл — адам бойындағы қасиеттердің еңбек нарығында ешқашан маңызын жоғалтпайтыны алғаш рет ашық айтылып отырған мысалдардың бірі.

Сарапшылар бұл құбылысты "адамдардың артықшылығы" деп атады.

Бірінші маңызды дағды — пайымдау қабілеті.

Мысалы, ЖИ бір мәселені шешудің 20 нұсқасын ұсына алады. Бірақ солардың қайсысы нақты жағдайға сәйкес келетінін адам өзі түсінуі керек. 2026 жылы сұранысқа ие маман ретінде ЖИ-ден жауапты тез алатын емес, алған жауапты тиімді қолдана алған маман озық тұрады.

Екінші дағды — қарым-қатынас жасау қабілеті.

Бүгінде адамдарға түсіндіру, келіссөз жүргізу, өз пікірін жеткізу және жағымсыз жаңалықтарды дұрыс хабарлау – ең бағалы дағдылардың біріне айналып отыр.

"Өз кәсібіңізде өскіңіз келсе, осы дағдыңызды дамытыңыз", — деп кеңес береді сарапшылар.

Үшінші дағды — қызығушылық.

Енді кез келген компанияда дұрыс сұрақ қоя білетін және сол сұрақтарға жауап іздеуге ұмтылатын адамдар жоғары бағаланады.

Төртінші — сыни ойлау қабілеті.

ЖИ қателесуі мүмкін, сондықтан оның жауабын дер кезінде тоқтатып, "Тоқтаңыз, мұнда бір нәрсе дұрыс емес сияқты" деп сұрақ қоя білу маңызды.

"Барлығы ЖИ-ге сеніп, ақпаратты тексермей қабылдап жатқанда, ойлану керек. Ол үшін адамдар ақша төлеуге дайын", — делінген Forbes жарияланымында.

Бесінші дағды — адамдармен қарым-қатынас орната білу. Forbes бұл жерде адамгершілік қасиеттерді алға тартады.

"Жанжалдарды шеше білу және ұжымдағы адамдардың ынтасы төмендеп бара жатқанын байқай білу қажет. Бұл дағдыны дамытсаңыз, жақсы маман ретінде танылып қана қоймай, өзгелерден ерекшелене аласыз", — деп есептейді мамандар.

Осылайша, жасанды интеллект көптеген міндеттерді арзанырақ әрі жылдамырақ орындауға мүмкіндік бергенімен, адамның пайымдау қабілетінің құнын керісінше арттырып отыр.

"Ең басты құндылық — адамның бойындағы дағдылар", — деп атап өтті жариялым авторлары.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!