Қазақстанда денсаулығына байланысты кімдердің жұмыс күні қысқартылуы мүмкін
© Фото: freepik
Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Сартымбетова 2026 жылғы 13 тамызда өткен брифингте кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің қалай белгіленетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ләззат Сартымбетованың айтуынша, кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерлерге белгіленеді. Бұл ретте адамның кәсіби немесе қызметтік міндеттерін орындау қабілетінің қаншалықты төмендегені ескеріледі.
"Кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5%-дан 100%-ға дейін белгіленеді. Ол алты айға, бір жылға, екі жылға, бес жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз тағайындалуы мүмкін. Сараптама барысында өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың салдары, ағза қызметінің бұзылу деңгейі, жұмысты жалғастыру мүмкіндігі, еңбек жағдайларын өзгерту, біліктілікті төмендету немесе арнайы жұмыс орнын құру қажеттілігі ескеріледі", – деді ол.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы медициналық ұйым рәсімдейді. Онда адамның денсаулық жағдайы, тексеру нәтижелері, жүргізілген емдеу және оңалту шаралары туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
"Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің белгіленуі адамның жұмыс істеуіне автоматты түрде тыйым салынады дегенді білдірмейді. Денсаулық жағдайына қарай ол еңбек жағдайлары өзгертілген кезде жұмысын жалғастыра алады. Атап айтқанда, жұмыс уақыты қысқартылып, зиянды факторлар алынып тасталуы, жұмыстың көлемі немесе сипаты өзгертілуі не арнайы жұмыс орны құрылуы мүмкін", – деп қорытындылады спикер.
Бұған дейін, 2026 жылғы 11 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ысмағұлов маусымдық және уақытша қызметкерлердің еңбек құқықтары туралы айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 13 тамыз 2026
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы АЧ: Аянат Жұмағали алтын медаль иеленді
-
17:45, 13 тамыз 2026
Астанада туннель салуға байланысты Алматы көшесі жыл соңына дейін жабылады
-
17:33, 13 тамыз 2026
Шымкентте жасөспірім экстремальды аттракционнан құлап, қолын сындырды
-
17:12, 13 тамыз 2026
Алматыда автобус әйел адамды қағып, мерт етті
-
17:00, 13 тамыз 2026
Шымкенттіктер экзотикалық жануарларды жиі асырай бастады





