Жезқазған маңында «Союз» ғарыш кемесінің экипажын қарсы алуға дайындық жүріп жатыр
© Сурет: Telegram/Роскосмос
26 шілдеде "Союз МС-28" ғарыш кемесінің қону аппараты ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уильямсты Жерге жеткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, белгіленген тәртіпке сәйкес, қонуға бір тәулік қалғанда Жезқазған қаласы маңындағы қону аймағында әуе және жерүсті топтарынан құралған жедел-техникалық топ жұмысын бастайды. Дәл осы мамандар Жерге оралған экипажды бірінші болып қарсы алады.
"Кейде қону аппараты жерге түскеннен кейін бір қырына құлап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар люкті ашып, ғарышкерлерді аппараттан сол күйінде қауіпсіз алып шығады",- деп мәлімдедді ведомство.
Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) Жерге қайтар жолда экипаж "Союз" кемесінің қону аппараты шамамен 16,5 мың шақырым қашықтықты еңсереді. Кеменің станциядан ажыраған сәтінен бастап жерге қонғанға дейінгі бүкіл сапар шамамен үш сағатқа созылады.
Мамандардың айтуынша, Халықаралық ғарыш станциясынан жеткізілетін жүктің көлеміне байланысты экипаж отырған қону аппаратының жалпы салмағы 3 тоннаға дейін жетуі мүмкін.
"Роскосмос" өкілдері орбитадан Жерге түсу ғарыш сапарының ең күрделі кезеңдерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ олар экипаждың Жерге оралу процесінің қалай өтетінін көрсетті.
Еске салсақ, 14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті "Союз" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 24 шілде 2026
Қазақстанға нөсер жаңбыр мен найзағай келеді, бірақ аптап ыстық +41 градусқа дейін күшейеді
-
12:53, 24 шілде 2026
Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді
-
12:44, 24 шілде 2026
Көлігін автосалон арқылы сатпақ болған 30-дан астам қазақстандық жаяу қалды
-
12:34, 24 шілде 2026
«Аватар» әлемі туралы жаңа мультсериалдың тизері жарық көрді
-
12:22, 24 шілде 2026
Спорт мектептерінің қызметкерлері мен жаттықтырушыларына берілетін үстемақы өзгерді: кімдерге қатысты





