«Аватар» әлемі туралы жаңа мультсериалдың тизері жарық көрді
© Сурет: paramountplus
24 шілдеде "Аватар" әлеміне негізделген "Аватар: Семь убежищ" (Avatar: Seven Havens) атты жаңа мультсериалдың алғашқы тизері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жоба "Легенды об Аанге" және "Легенды о Корре" мультсериалдарының жалғасы болады. Оның авторлары ретінде тағы да Майкл ДиМартино мен Брайан Кониецко жұмыс істеген.
Оқиға желісі Жер патшалығының егіз қыздары төңірегінде өрбиді. Солардың бірі – келесі Аватар. Сюжет бойынша әлем алапат апаттан кейін күйреп қалған. Бұл қасіретке Корраны кінәлағандықтан, адамдардың Аватарларға деген сенімі жоғалып, оларды жек көре бастаған. Соның салдарынан басты кейіпкер үнемі қауіп-қатердің ортасында жүреді.
"Аватар: Семь убежищ" мультсериалының тұсаукесері 9 қазанда Paramount Plus платформасында өтеді. Барлығы 26 сериядан тұратын екі маусым бір күнде көрерменге ұсынылады.
Бұған дейін Анджелина Джоли мен Брэд Питтің қызы әкесінің тегінен ресми түрде бас тартпақ екенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 24 шілде 2026
Қазақстан Ұлттық банкі қатарынан екінші мәрте базалық мөлшерлемені төмендетті
-
13:25, 24 шілде 2026
Қарағанды қаласының аумағы 281 гектарға ұлғайды
-
13:17, 24 шілде 2026
Қазақстанға нөсер жаңбыр мен найзағай келеді, бірақ аптап ыстық +41 градусқа дейін күшейеді
-
12:53, 24 шілде 2026
Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді
-
12:44, 24 шілде 2026
Көлігін автосалон арқылы сатпақ болған 30-дан астам қазақстандық жаяу қалды





