Қазақстанға нөсер жаңбыр мен найзағай келеді, бірақ аптап ыстық +41 градусқа дейін күшейеді

13:17, 24 шілде 2026
MKZ: 1557800

© Фото: pixabay

Алдағы демалыс күндері – 25-27 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер, бұршақ, дауылды жел мен екпінді жел күтіледі. Соған қарамастан, ел аумағында аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

"Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігіне ықпалын сақтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

"Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты республиканың басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді", – деп мәлімдеді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы:

  • батыста және солтүстік-батыста – +38...+43°C;
  • солтүстікте – +30...+35°C;
  • орталықта – +28...+39°C;
  • оңтүстікте – +36...+41°C;
  • оңтүстік-шығыста – +29...+37°C;
  • солтүстік-шығыс пен шығыста – +23...+32°C болады.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, елдің жеті өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!