Жетісуда бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар
© Фото: pexels
Жетісу облысында соңғы бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сөз Ескелді ауданындағы 500-ге жуық тұрғыны бар Жаңалық ауылы туралы болып отыр. Ауыл тұрғындары бес жыл бұрын алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан.
"Бүгінде бұл ауыл қоғамдық тәртіптің, ауызбіршіліктің және қауіпсіздіктің үлгісіне айналды. Ақсақалдар мен жергілікті тұрғындардың бастамасымен алкогольден бас тарту туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде соңғы бес жыл ішінде ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Жаңалық ауылы алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан бас тартқан облыстағы 30 елді мекеннің қатарына кіреді", – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға учаскелік полиция инспекторы да өз үлесін қосып келеді. Ол тұрғындар арасында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Жаңалық ауылы бүгінде бірлікке, жауапкершілікке және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, қауіпсіз әрі берекелі қоғам қалыптастыруға болатынын айқын көрсетіп отыр", – деп атап өтті Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2025 жылдың қазан айында Бас прокурор Берік Асылов Қазақстан ауылдарында алкоголь сатудан бас тартудың оң нәтижелерін атап өткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:47, 20 маусым 2026
Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуді тапсырды
-
12:36, 20 маусым 2026
Есірткі контрабандасы бойынша сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
-
12:26, 20 маусым 2026
Қазақстаннан Әзербайжанға қатынайтын тағы үш бағыт іске қосылды
-
11:23, 20 маусым 2026
Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды
-
11:03, 20 маусым 2026
2002 жылғы футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Түркия құрамасы жарыстан шығып қалды





