Есірткі контрабандасы бойынша сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

12:36, 20 маусым 2026

© Сурет: pexels

ҚР Бас прокуратурасы аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы және оларды өткізгені үшін сотталып, Қырғызстанда жасырынып келген Қазақстан азаматын 16 жыл бұрын шығарылған сот үкімін орындау үшін экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган мәліметінше, іздеуде жүрген тұлға 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін салмағы 1 килограмнан асатын гашиш есірткі затын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2010 жылғы 23 қарашадағы үкімімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Алайда оның асырауында жас баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылған. Сотталған пробациялық бақылауда бола тұра, 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Ағымдағы жылғы наурызда ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауымен отанына экстрадицияланды". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта сотталған тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін Шымкентте әйел адамнан аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!