Тоқаев халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездесті
© Сурет: akorda.kz
2025 жылы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға үлес қосқаны үшін федерациялардың басшыларына ризашылығын білдірді.
Президент елімізде спорттың осы түрі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінде 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айналысады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған спорт түрін ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыруға назар аударды.
Мұхаммед Юсуф әл-Мана қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қалыптасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды.
Ал Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари еліміздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.
Кездесу соңында Президент ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды