Жетісу облысында жоғалып кеткен тиктокер табылды

© Сурет: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
8 маусымда Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Текелі қаласының маңындағы тауда жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев табылғанын хабарлады.
Төтеншеліктердің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.
"Ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықтан тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады".Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ведомство іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылғанын атап өтті.
8 маусым күні Жетісу тауларында алматылық тиктокер Дамир Кушеев жоғалып кеткені хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 23 қыркүйек 2023
Жексенбіде бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік болады
-
17:15, 23 қыркүйек 2023
Рудныйда қарт әйел 3,5 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
-
16:30, 23 қыркүйек 2023
Президент телерадиокешені мен MNU Халықаралық журналистика мектебін ашты
-
16:15, 23 қыркүйек 2023
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған
-
15:59, 23 қыркүйек 2023
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды