Жетісу облысында жалпы құны 9 млн теңгеден асатын мал ұрлығы ашылды

© Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының Көксу ауданында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бірнеше деректі анықтап, қылмыскерлердің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусымда Мұқаншы ауылдық округінің жайылымынан белгісіз біреулер 9 бас ірі қараны қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 2,5 миллион теңгені құраған. Алайда бұл – олардың жалғыз қылмысы емес. Арада бірнеше күн өткен соң, сол өңірдегі Алғабас ауылдық округі аумағында тағы бір дерек тіркелді. Бұл жолы қаскөйлер 14 бас ірі қараны айдап әкетіп, шаруашылық иесіне 7 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
"Аталған деректер бойынша Көксу аудандық полиция бөлімінің және облыстық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 51 және 37 жастағы екі күдікті қолға түсті. Екеуі де Көксу ауданының жергілікті тұрғындары болып шықты. Операция барысында MAN жүк көлігі тоқтатылып, көлік ішінде ұрланған малдың сатып алушысы ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде жүк бөлігінен жәбірленушілерге тиесілі 14 бас ірі қара мал табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Заң бойынша мұндай қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жалғастырып, ұсталған азаматтардың өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғын мұқият тексеруде.
Бұған дейін 202 жылдың басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 50-ден астам қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:27, 14 шілде 2025
Атырауда 90 жастағы қарияның 6 миллион теңгесін иемденген алаяқ ұсталды
-
10:13, 14 шілде 2025
Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен Конституцияны білуге қойылатын талаптар өзгереді
-
10:00, 14 шілде 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
09:49, 14 шілде 2025
Қазақстан мен ТМД елдерін сан соқтырған кезекті қаржы пирамидасы әшкереленді
-
09:36, 14 шілде 2025
Ұлытау облысындағы шенеунік миллиондаған теңгені құмар ойындарға салып жіберген