Жетісу облысында мал саны жөнінде жалған мәлімет берген әкімдер жауапқа тартылды
© Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында сегіз әкім жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын арттырып көрсеткен. Бұл жөнінде облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған. Салдарынан 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған.
"Әкімдер тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі (әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген Жетісу облыстық прокуратурасының хабарламасында.
Ведомство прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген Жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастағанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





