Жетісу облысында баласын аяусыз ұрып-соққан 28 жастағы әйел қамауға алынды
© Сурет: freepik
Жетісу облысында кәмелетке толмаған баласын жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан ана қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2026 жылғы 27 қаңтарда, бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады:
"Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында анасының өзінің кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі ("Азаптау") бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Тергеу кезеңінде сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".
Айта кетейік, аталған бап бойынша әйелге 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бірқатар сот сараптамалары, соның ішінде күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптамасы тағайындалған. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы дайын емес.
"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Процессуалдық шешім барлық сараптама қорытындылары алынғаннан және тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", – деп қосты Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
Жаркент қаласындағы жаға ұстататарлық жағдай жайлы бұған дейін жазған болатынбыз. Онда келіншек балаларының бірін жылу батареясына байлап, ұрып-соққан. Бейнені күдіктінің құрбысы түсірген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 27 қаңтар 2026
Қырғызстан ЕАЭО сотына жүгініп, Ресейдің үстінен арызданды
-
19:30, 27 қаңтар 2026
Астанада 28 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады
-
18:58, 27 қаңтар 2026
1 млрд теңге заңсыз дивидент әшкереленді: Қаржы министрлігі Алматы әуежайын тексерді
-
18:53, 27 қаңтар 2026
ІІМ ел азаматтарына «Қазақтелеком» атын жамылушы алаяқтар пайда болғанын ескертеді
-
18:46, 27 қаңтар 2026
Килиан Мбаппе Еуропадағы ең мықты шабуылшы деп танылды





