Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы тараздық полиция назарына ілікті
© Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Редакциямыз аталған жағдайға байланысты өңірлік полиция департаментіне жүгініп, сауал жолдады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады", делінген полиция жауабында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 26 қаңтар 2026
«Қар, тұман, аяз». Сейсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:10, 26 қаңтар 2026
Конституцияға енгізілетін түзетулер: Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығы сақталады
-
21:04, 26 қаңтар 2026
Гүлзира Атабаева: Дінді мемлекеттен бөліп қарастыру қоғамдық келісімді нығайтады
-
20:51, 26 қаңтар 2026
Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды
-
20:25, 26 қаңтар 2026
Максим Рожин: Халық кеңесі — ұлттық диалогтың жаңа форматы





