Гүлзира Атабаева: Дінді мемлекеттен бөліп қарастыру қоғамдық келісімді нығайтады
© Сурет: Instagram/atabayevagulzira
Дінді мемлекеттен бөлетін және білім берудің зайырлы сипатын бекітетін түзетулер Қазақстанның жасанды интеллект дәуірінде дамуға ықпал ететін болады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында "Келешек" жастар кеңесінің басшысы Гүлзира Атабаева айтты.
Оның айтуынша, білім берудің зайырлы сипатын нақты түрде бекіту жөніндегі ұсыныс жастар үшін аса маңызды әрі уақтылы қадам.
"Бұл абстрактілі мәселе емес, нақты практикалық іс. Мектеп тең мүмкіндіктер кеңістігі, дәстүрлерге құрмет сақталатын, алайда қандай да бір көзқарасты таңу немесе радикалды ықпалдарға жол берілмейтін орта болуы тиіс. Конституцияда тікелей норманың бекітілуі тәрбие мен білім беру жүйесі үшін айқын бағдар болады", - деді Атабаева.
Ол өз сөзінде дін мен мемлекеттің бөліну қағидатын нақты әрі бірмәнді түрде бекіту жөніндегі ұсыныс та ерекше маңызға ие екенін айтты.
"Жастар үшін бұл мемлекеттің баршаға бейтарап әрі тең қарайтынының кепілі. Мұндай сезімтал саладағы конституциялық нормалардың айқындығы қоғамдық келісімді нығайтып, билік институттарына сенімді арттырады" деп атап өтті ол.
Ол "Келешек" жастар кеңесі шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы және зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерін күшейту бастамасын қолдайтынын баса атап өтті.
"Қазіргі жастар идеялар, контент, инновациялар арасында өмір сүруде. Интеллектуальды еңбек қауіпсіздігінсіз ғылымды, мәдениетті, креативті экономиканы дамыту мүмкін емес.Бұл қағидаттарды Контитуция деңгейінде бекіту - еліміздің интеллектуальды потенциалына салынған инвестия" , - дейді спикер.
Ол цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде біз әлемдік үрдістерге ілесіп қана қоймай, сол үрдістерді өзіміз қалыптастыруымыз қажет екенін айтады. Ұсынылған бастамалар қоғамның айқын ережелерге, күшті әрі әділетті, болашаққа бағдарланған мемлекетке деген сұранысын көрсетеді. Оның айтуынша, Конституцияда осы нормаларды бекіту Қазақстан Республикасының қауіпсіздік пен орнықты даму құндылықтарын нығайту жолындағы маңызды қадам болады.
Бұған дейін қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 26 қаңтар 2026
Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы тараздық полиция назарына ілікті
-
22:21, 26 қаңтар 2026
«Қар, тұман, аяз». Сейсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:10, 26 қаңтар 2026
Конституцияға енгізілетін түзетулер: Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығы сақталады
-
20:51, 26 қаңтар 2026
Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды
-
20:25, 26 қаңтар 2026
Максим Рожин: Халық кеңесі — ұлттық диалогтың жаңа форматы





