Бектенов министрге экотуризмді дамыту жөнінде сұрақ қойды: презентациядан әрі іс қозғалған жоқ
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 27 қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында экотуризмді дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл тақырыпты бұған дейін Мемлекет басшысы да қозғағанын еске салды.
"Президент атап өткендей, елімізде экотуризм дамымаған. Презентациядан әрі іс қозғалған жоқ. Қандай шаралар қабылдануда?" – деп сұрады Бектенов.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті:
"Ұлттық экотуризм стандарты жаңартылды. Қазір бес визит-орталық құрылысын жүргізіп жатырмыз. Инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер қабылданды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастырамыз", – деді министр.
Айта кетейік, Қазақстанда экотуризмді дамыту мәселесі алғаш рет 2022 жылы көтерілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:11, 27 қаңтар 2026
Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер қамауға алынды
-
13:04, 27 қаңтар 2026
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасына 1,3 трлн теңге бөлінді – Білім министрлігі түсіндірді
-
12:54, 27 қаңтар 2026
«Бай әке, Кедей әке» кітабының авторы алтын бағасына қатысты болжамын айтты
-
12:43, 27 қаңтар 2026
Алматыда таңға жуық жол апаты болып, үш адам ауруханаға түсті
-
12:33, 27 қаңтар 2026
Әскери қуат бойынша елдер рейтингі жарияланды: Қазақстан өз орнын сақтап қалды





