Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады
© Фото: pexels
Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы күресті қарқынды түрде жалғастыруда. Тұрақты жұмыс барысында қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады.
Тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны "жеңіл табыс" табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырушы ретінде әрекет еткені анықталды.
Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданылған.
Белгісіз тұлғадан түскен қоңырауға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылған жергілікті тұрғын полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Екінші жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Жалпы келтірілген шығын 40 миллион теңгеден асады.
Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Белгісіз тұлғалардың айтуымен ақша аудармаңыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:51, 27 қаңтар 2026
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
-
14:23, 27 қаңтар 2026
АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмды
-
14:14, 27 қаңтар 2026
Дәрі-дәрмектерді тіркеуге арналған «бір терезе» пилоттық жобасын ұзарту ұсынылды
-
14:05, 27 қаңтар 2026
Қазақстанда кейбір азаматтар үшін МӘМС жарнасы мемлекет есебінен төленеді
-
13:55, 27 қаңтар 2026
Қазақстандық мұғалім әлемнің үздік ұстаздарының қатарына енді





