Килиан Мбаппе Еуропадағы ең мықты шабуылшы деп танылды
© Сурет: Instagram/ReaLmadrid
Мадрид "Реалының" шабуылшысы Килиан Мбаппе осы маусымның жетекші еуропалық чемпионаттарының ойыншылары арасында гол соғу жағдайларын туындату жағынан көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Корольдік клубтың бас мергені маусым басталғаннан бері 50 гол соғу сәтін туындатып, осы көрсеткіші бойынша Еуропаның ТОП- 5 лигасының көшбасында тұр.
Осы рейтингтің жүлделі үштігін Мбаппемен қатар "Аталантаның" жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе (44) және "Баварияның" сұрмергені Майкл Олисе (43) құрайды.
Одан соң 42 гол соғу сәтін тудыру рейтингісінде Ламин Ямал ("Барселона") және Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") тұр.
Бұл тізімдегі екі ойыншы 1,5 ай бұрын әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде бірінші орында болғанын атай кеткен жөн.
Мбаппе мен Ямалдың нарықтағы құны қазір 200 миллион евро болады.
Бұған дейін Мбаппе "Реалға" жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:29, 27 қаңтар 2026
Семсерлесуден Қатардағы Гран-при кезеңі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі жарияланды
-
21:22, 27 қаңтар 2026
Астананың сол жағалауындағы элиталы тұрғын үй кешені подъезінің ішін мұз басты - видео
-
20:34, 27 қаңтар 2026
Жетісу облысының полицейлері жүкті шетелдік әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді
-
20:24, 27 қаңтар 2026
2026 жылы елімізде әлемдік деңгейдегі қандай жұлдыздардың концерті өтеді
-
20:15, 27 қаңтар 2026
Ақтөбеде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолы кесілді





