Жетім балаларға «эксперимент» жасалып жатыр. ДСМ түсініктеме берді

14:40, 5 мамыр 2021

© Сурет: mstrok.ru

Желіде Балалар үйлерінде балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакциналау жүргізіледі деген хабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, жетім балаларға эксперимент жасау және оларды вакциналарды сынауға қатысуға мәжбүрлеу туралы оған "жұқалап жеткізген". Қазақстанда мұндай тәжірибелер жүргізілмейді, бұл мәлімдеме жалған болып табылады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды – Балалар үйіндегі балаларға да, отбасыларда тәрбиеленетіндерге де. Бұл фейк, – деп хабарлады ведомстводан.

Бүгінгі таңда Қазақстанда КВИ-ге қарсы екі вакцина қолданылуда: ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық "QazVac". Екі препараттың клиникалық сынақтарына 18 жастан асқан адамдар қатысты. Яғни, бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы мәліметтер болмағандықтан екпе жасалмайды.

Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау заңсыз болып табылатынын атап өткеніміз жөн. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар хабардар етілген келісімге немесе профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан бас тартуға құқылы.

Осылайша, балалар үйінің тәрбиеленушілерін КВИ-ге қарсы жаппай иммундау туралы ақпараттар жалған болып табылады. Қазақстанда мұндай тәжірибе қолданылып жатқан жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!