Жеті үйге ұрлыққа түскен үш азамат қамауға алынды
© Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы полиция департаментінің және қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш қала тұрғынын қолға түсірді.
Қазан, қараша айлары аралығында жеті қала тұрғыны бір-біріне ұқсас пәтер ұрлықтары болғаны жөнінде "102" арнасына арыз түсірген болатын.
Үйлерден тұрмыстық техника және әшекейлер қолды болған. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрылар пластик терезе және есікті сындырып кіру арқылы арам ойларын жүзеге асырып отырған. Пәтер иелеріне 2 млн теңгеге жуық көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Криминалдық полиция қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. "Ізін суытпай" үш қала тұрғыны күдікті ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Осы баптың санкциясында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





