Жеңіл атлетикадан Қытайдағы Азия чемпионатында отандық спортшы қола медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құрама сапынан Елизавета Матвеева медаль жеңіп алды. Ол биіктікке секіру сайысында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшы үздік мүмкіндігінде 180 сантиметр нәтижесін көрсетті.
Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева 183 см нәтижесімен жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені қытайлық Цзявэнь Лу иеленді - 180 см. Ал Гонконг өкілі Чун Вай Я да 180 см көрсеткішпен қола медальға қол жеткізді.
Бұған дейін триатлоннан Қытайдағы Азия кубогында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайтыны белгілі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:27, 18 маусым 2026
Баласын құшағына алып курьер болып жүрген қыз: Еңбек министрі жағдайға қатысты пікір білдірді
-
11:18, 18 маусым 2026
Еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік төлемдерге қатысты бірқатар ережені жаңартты
-
11:07, 18 маусым 2026
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды
-
10:54, 18 маусым 2026
Бірыңғай QR-код: банктерге бір ай уақыт берілді
-
10:45, 18 маусым 2026
Жетісуда бес жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар





