Қытай көлігін сатып алушылардың шоттары жаппай бұғатталып жатқаны рас па - МКК жауабы
© Фото: zakon.kz
BYD маркалы автокөліктерді сатып алушылардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы тарап жатқан желідегі ақпаратқа қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпараттық кеңістікте Қытай Халық Республикасынан гибридті көлік құралдарын импорттаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралуына байланысты 2026 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды:
"BYD маркалы гибридті көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде жалған мәліметтер ұсынуға жол берген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне жолданды. Бұл ретте аталған хабарламалар тек 450 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы рәсімдеген 623 көлік құралына ғана қатысты, демек бұл қабылданып жатқан шаралардың жаппай сипатқа ие екендігі туралы таратылып жатқан ақпаратқа сай келмейді".
Комитет қолданыстағы заңнама аясында банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын шектеу шаралары тек 45 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге қатысты қолданылғанын нақтылайды.
"Бақылау іс-шараларын жүргізуге гибридті көлік құралдарының электр қозғалтқышының 30 минуттық қуатына қатысты жалған мәліметтерді көрсету жағдайларының жиілеуі негіз болды. Бұл өз кезегінде кедендік баждарды төлеуден заңсыз босатуға ықпал еткен. Объективті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелеріне BYD маркасының ресми өкілі ұсынған көлік құралдарының зауыттық техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер берілді. Аталған мәліметтер мәлімделген деректердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылатын болады". ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
МКК азаматтармен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:02, 18 мамыр 2026
Мотоцикль тізгінінде жасөспірім болған. Қарағанды облысында жол апатынан сегіз жасар қыз көз жұмды
-
19:35, 18 мамыр 2026
Жеңіл атлетикадан Қытайдағы Азия чемпионатында отандық спортшы қола медаль иеленді
-
19:29, 18 мамыр 2026
Қазақстан Бакуде өткен БҰҰ форумында тұрақты қалаларды дамытуға қатысты өз тәсілдерін ұсынды
-
19:12, 18 мамыр 2026
Хантавирустың Қазақстанға жету ықтималдылығы қандай - вице-министр жауабы
-
18:56, 18 мамыр 2026
Триатлоннан Қытайдағы Азия кубогында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды





