Жемқорлықтың ащы жемісі: Қазақстанның жолдары шұрық-тесік

15:58, 11 шілде 2019

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан автокөлік жолдарының сапасы бойынша әлемдік рейтингтің аутсайдері атанды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Автокөлік жолдары саласындағы проблемалардың ауыртпалығын халық көреді. Өкінішке қарай, 2018 жылдың қорытындысы бойынша біздің еліміз жолдардың сапасы жағынан 140 елдің арасынан 106-шы орынға қойылды. Біз аутсайдерміз. Жолдардың жаман күйде болуына негізінен сыбайлас жемқорлық себеп, - деді Бектенов.

Соңғы 3,5 жылда жол құрылысы саласында 100-ге жуық жемқорлық деректерінің жолы кесілген.

- "ҚазАвтоЖол", "ҚазақАвтоДор" сияқты ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, зертханалар мен өзге де көптеген құрылымдардың қызметкерлерінің жолдан ақша жегені әшкереленді, - деп еске салды ол.

Жол құрылысынан ақша жеу деректері негізінен парақорлық, контрактқа қол қою, заңсыз кәсіпкерлікке жол беру, әкімшілік шаралар қабылдамау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу барысында бюджет қаржысын жымқырумен байланысты болып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!