Жәмила Бақбергенова күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

© Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында жерлесіміз Жәмилә Бақбергенова қола жүлде алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәмила 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Үшінші орын үшін бәсекеде ол польшалық Наталья Сразалкамен белдесіп, оны 4:1 есебімен жеңіп кетті.
27 жастағы елордалық спортшының бұл - дүние жүзі бәсекесінде қатарынан алған үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Айта кетсек, Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).
Астана қаласының балуаны чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды.Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта күресетін болады.
Жалпы Сербия астанасындағы балуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы өзара мықтыны анықтап жатыр
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған коллаборацияcы желіні дүр сілкіндірді
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған дуэті желіні дүр сілкіндірді
-
01:13, 12 желтоқсан 2023
Түркістан облысында бадминтоннан халықаралық турнир аяқталды
-
00:52, 12 желтоқсан 2023
Аяз, қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер бүгін 14 өңірде ескерту жасады
-
00:05, 12 желтоқсан 2023
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған