Қазақстанда автожолдарды жіктеу ережелері жаңартылды
© Фото: пресс-служба АО
Көлік министрінің м. а. 2024 жылғы 29 қазандағы бұйрықпен халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу ережелері мен шарттарын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін жаңа редакцияда бекітті.
Ережеге сәйкес, Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастыратын, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін жол органы жүргізеді.
Ұлттық оператор халықаралық немесе республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол органына оны Тізбеге енгізу үшін ұсыныс береді.
Жол органы Ұлттық оператордың ұсынысын қарағаннан кейін, Заңға сәйкес Тізбеге тиісті өзгеріс енгізеді.
Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы және индексі бар.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. Автомобиль жолдары индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін беріледі.
Автомобиль жолдарының атауына бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері келесі халықаралық келісімдерде белгіленген:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2274 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы (ХАК) Европа келісімінің (Женева, 15 қараша 1975 жыл) 1-қосымшасында;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің 1-қосымшасында.
Халықаралық автомобиль жолдары маршруттардың учаскелері өзара қайталанған жағдайда, олар "Е" және "АН" индексі бар жол белгілерімен немесе "Е" индексі бар жол белгісімен бірлесіп белгіленеді. Автомобиль жолының бір маршруты басқасына ауысқан немесе басқа маршруттармен қиылысқан кезде автомобиль жолдарының халықаралық және республикалық маршруттарының тиісті жол белгілері кіру немесе жол айрығы алдында, сондай-ақ олардан кейін орнатылады.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін латын әліпбиінің "KАZ" және "KZ" әріптерінен индекс белгіленеді:
- "КАZ" – Қазақстан Республикасының әкімшілік өңірлері мен көрші мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін;
- "КZ" – әкімшілік өңірлер мен көрші мемлекеттер ішінде көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін.
Автомобиль жолдарының тізбесімен, атауларымен және индекстерімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Бұйрық 2024 жылғы 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды