«Жедел штаб құрылды». Қарағанды облысында дара өрті ушығып тұр

20:40, 10 қыркүйек 2026
MKZ: 1566224

© Фото: zakon.kz

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында таулы-далалы жерлерде құрғақ шөп пен бұталардың жануына байланысты туындаған 8 табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың 500-ден астам қызметкері мен 145 бірлік техникасы жұмылдырылды.

"Қарқаралы ауданы Бесоба ауылындағы өртті сөндіру жұмыстарына су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды. Әуеден жалпы көлемі 12 тонна болатын 4 рет су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары таулы-далалы жерлердің қолжетімсіз рельефіне, қалыптасқан ыстық әрі құрғақ ауа райына және қатты екпінді желге байланысты қиындап отыр. Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда", делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Қарағанды облысы аумағында, алдын ала есеп бойынша, жалпы ауданы 90 гектар болатын 5 табиғи өрт ошағы сөндірілгені нақтыланады.

Бұған дейін Қарағандыда құрғақ шөптер өртеніп, қаланы түтін басқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!