Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды
© Сурет: magnific
Қытайдың Аньхой провинциясында 67 жастағы фермер жасанды интеллекттің кеңесіне сүйеніп, шамамен 10 гектар жердегі күнжіт алқабын құртып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ctwant басылымының жазуынша, ер адам бір жылға жуық уақыт бойы егін шаруашылығын жүргізу бойынша кеңес алу үшін жасанды интеллектіні пайдаланған. Ол егіс мерзімі, тыңайтқыш қолдану және пестицидтерді пайдалану тәртібі туралы ақпарат алып отырған. Шілде айында фермер күнжіт алқабындағы арамшөптер мен зиянкестермен күресу үшін арнайы өңдеу жоспарын құруды сұрап, бірнеше препаратты қолдану жөнінде кеңес алған.
Агрономдармен кеңеспестен, фермер аталған препараттарды алқапқа шашқан. Алайда келесі күні-ақ күнжіт те, арамшөптер де жаппай қурап, өле бастаған.
Жергілікті мамандардың айтуынша, жасанды интеллект ұсынған препарат негізінен соя алқаптарындағы жалпақ жапырақты арамшөптермен күресуге арналған. Оны күнжіт алқабының аумағына қолдануға болмайды.
Өз кезегінде сервис өкілдері жүйенің жауаптарды өзінің арнайы білім базасына емес, көпшілікке қолжетімді ақпаратқа сүйеніп қалыптастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар интерфейсте жасанды интеллект берген ақпаратта қателер болуы мүмкін екені туралы ескерту бар.
Компания фермердің келтірілген шығыны туралы ақпаратты тіркеп, мәселені басшылыққа жеткізуге уәде берді.
Бұған дейін Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:38, 12 тамыз 2026
10 күнде 1 млрд теңге: Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымы анықталды
-
10:21, 12 тамыз 2026
Аптап ыстық басылады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
-
10:13, 12 тамыз 2026
ҚМА мен Интерпол Оңтүстік Кореядан халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты елге қайтарды
-
10:07, 12 тамыз 2026
Астанада нөмірін матамен жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды
-
09:57, 12 тамыз 2026
Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды





