43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады
© Фото: Zakon.kz
Алдағы сәрсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде +43°С-қа дейін жететін аномальды ыстық болады. Сонымен қатар кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ пен қатты жел соғады.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 12 тамызға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, күндізгі аптап ыстық бірден 13 өңірді қамтиды.
Қатты ыстық:
- +35+39°С-қа дейін – Алматы облысында, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында;
- +38+42°С-қа дейін – Жамбыл және Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде;
- +40+43°С-қа дейін – Түркістан және Қызылорда облыстарында.
Өте қатты ыстық:
- +40+41°С-қа дейін – Абай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал елдің солтүстігі мен оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады.
Жоғары өрт қаупі:
Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында, шығысында және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысы мен орталығында, Павлодар облысының орталығы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде.
Төтенше өрт қаупі:
Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысының батысы, шығысы және орталығында күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





