10 күнде 1 млрд теңге: Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымы анықталды

10:38, 12 тамыз 2026
MKZ: 1560880

© Фото: gov.kg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2026 жылғы 12 тамызда елден жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, ҰҚК Шекара қызметі 1-10 тамыз аралығында өткізу бекеттерінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 551 дерегінің жолын кесті.

"Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын елден әкетудің 411 әрекетіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды тасымалдау тәртібін бұзудың 140 дерегі анықталды. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды", – деп хабарлады ведомство.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Шекарада жанармайды заңсыз әкету немесе тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу әрекеттерімен қатар декларацияланбаған валютаны алып өту деректері де анықталады.

Мәселен, Жамбыл облысындағы "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде шетелдік азаматтың киімінің астына жасырған 70 мың доллары табылды. Бұл – 32 млн 550 мың теңгеге балама қаражат.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!