Астанада нөмірін матамен жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды
© Фото: pexels
Астанада бейнебақылау камераларына түспеу үшін көліктің мемлекеттік нөмірін матамен жауып қойған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық бұзушылық елордаға кіреберісте "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Howo жүк көлігін басқарған 24 жастағы жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырып қойған.
Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылдады. Сот шешімімен ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 600-ге жуық дерегін анықтады.
Оның ішінде:
- жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын бұзудың 200-ден астам;
- техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті басқарудың 100-ден астам;
- көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 90-ға жуық;
- көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 15;
- қарсы бағыттағы жолаққа шығудың 11 дерегі тіркелді.
Полиция мемлекеттік нөмірді жасыру, көлікті заңсыз қайта жабдықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 12 тамыз 2026
Әкесінің қазасынан кейін Месси мансап жолын сәл тоқтата тұруға шешім қабылдады
-
10:52, 12 тамыз 2026
Анасына пышақпен шабуыл жасап, Вьетнамға қашқан қазақстандық экстрадицияланды
-
10:42, 12 тамыз 2026
Инфляция кезінде ақшаны қалай үнемдеуге болады: мамандар кеңесі
-
10:38, 12 тамыз 2026
10 күнде 1 млрд теңге: Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымы анықталды
-
10:21, 12 тамыз 2026
Аптап ыстық басылады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді





