Ақмола облысында ауылды сусыз қалдырған күдікті ұрылар ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының Бұланды ауданында полиция қызметкерлері су құбыры инфрақұрылымы нысанынан құны шамамен 7 миллион теңге болатын дизель-генератор қондырғысы мен оның жиынтықтауыштарын ұрлаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, 2025 жылы Алтынды ауылдық округіндегі елді мекендердің бірінің шетінде дизель-генератор қондырғысы орнатылған. Жабдық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін су құбыры инфрақұрылымының бір бөлігі болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бұланды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған нысанда жұмыс істеген екі адамның қондырғының орналасқан жері мен нысанды күзету тәртібі туралы ақпараттан хабардар болғанын анықтады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, сәуір айында күдіктілер алдын ала сөз байласып, қымбат жабдықты ұрлауды жоспарлаған. Олар көлік құралын, жүкшығырды және өзге де құралдарды пайдаланып, нысан аумағына кірген. Содан кейін құны шамамен 7 миллион теңге болатын дизель-генераторды бөлшектеп, алып кеткен.
Ұрлық салдарынан елдімекеннің ауыз сумен қамтамасыз етілуіне қажетті су құбыры инфрақұрылымының жұмысы бұзылған.
Алайда күдіктілер мұнымен тоқтамаған. Сол жылдың мамыр айында топ ұйымдастырушысы сыбайласына аталған серіктестіктің аумағынан тағы да мүлік ұрлауды ұсынған. 6 мамырда олар құны 400 мың теңгеден асатын дизель қондырғысының құрамдас бөліктерін ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Ұрланған жабдықтар табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын, келтірілген залал көлемін және әрбір күдіктінің әрекеттегі рөлін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді






