Жасанды интеллект жасаған қолтырауын суреті үшін ер адам сот алдында жауап береді

10:44, 2 қазан 2026
MKZ: 1570086

© Сурет: magnific

Сингапурда 30 жастағы ер адам жасанды интеллект көмегімен су қоймасында жүрген қолтырауынның суретін жасап, таратқаны үшін қатаң жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mothership басылымының жазуынша, ер адам Пандан су қоймасында қолтырауын бар деген жалған суретті әріптесіне жіберген. Осыдан кейін мамандар оқиға орнына барған. Жыртқышты іздеу кезінде судағы демалыс уақытша тоқтатылып, тұрғындарға сақ болу ескертілді.

Бір тәуліктен кейін мамандар ұсынылған суреттің жалған екенін анықтап, материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырған.


"Жалған ақпаратты 30 жастағы жергілікті тұрғын жасаған. Ол әрекетінің салдарын түсінгеннен кейін ізін жасыру мақсатында суреттің өзін және оны жасауға пайдаланған қосымшаны өшірген. Енді заң бұзушы сот алдында жауап береді", – делінген хабарламада.

Ер адам жалған ақпарат таратты және сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірді деп айыпталып отыр. Жалған ақпарат таратқаны үшін оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, 10 мың сингапур долларына дейін (шамамен 3,7 млн теңге) айыппұл немесе екі жаза қатар тағайындалуы мүмкін. Ал із жасырып, тергеуге кедергі келтіргені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция мұндай әрекеттер тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, төтенше жағдайлар қызметінің ресурстарын басқа жаққа бұратынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды жасанды интеллект арқылы жасалған суреттерді шынайы кадр ретінде таратпауға шақырды.

Бұған дейін Сингапур "цифрлық кереңдікпен" күресуге бағытталған бес жылдық науқан жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!