Тоқаев AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі
© Сурет: zakon.kz
Тоқаев AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде бүгінде Digital Bridge форумы Еуразиядағы беделді және танымал технология алаңына айналғанын атап өтті.
– Мұнда әлемнің технологиялық дамуына зор үлес қосып жүрген білікті мамандар жиналды. Форум аясында жаңа идеялар мен тың бастамалар ұсынылады, тиімді байланыстар орнатылып, нақты жобалар іске қосылады. Сондықтан Digital Bridge халықаралық форумын шын мәнінде жаңашыл, жасампаз және зияткер азаматтар бас қосатын бірегей жиын деп айтсақ, артық болмасы анық, – деді Мемлекет басшысы.
Президент қазіргі аса қарқынды, құбылмалы және озық заманда жаңа технологияны дамытудың маңызына тоқталды.
– Күллі әлем жұртшылығы жасанды интеллектінің дамуына айрықша назар аударып жатыр. Себебі жасанды интеллектінің ықпалымен өнеркәсіп, қаржы, білім, ғылым, мемлекеттік басқару және жалпы адам өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оған бәріміз де куә болып отырмыз. Осы орайда, AI & Digital Bridge форумының мазмұны да жыл өткен сайын жаңа сипатқа ие болуда: жаңа өзекті мәселелер пайда болды, қатысушылардың ауқымы да ұлғайды. Форумда цифрландыру тақырыбынан бөлек, есептеу инфрақұрылымы, ауқымды тілдік модельдер, робот техникасы, индустрия саласындағы жасанды интеллект, ғылым, технология саласындағы заңнама мен қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасулар өтуде. Осылайша, AI & Digital Bridge жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстардың алтын көпірі ретінде табысты қызмет етуде. Форумның түпкі мақсаты да, басты міндеті де, миссиясы да – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:03, 1 қазан 2026
Ұлытау облысы Сарысу ауылында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
-
20:37, 1 қазан 2026
Тоқаев жасанды интеллектіні реттеу мәселесін қозғады
-
20:35, 1 қазан 2026
Президент: Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді
-
20:10, 1 қазан 2026
Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер «MedSkills Atyrau-2026» сайысында бақ сынап жатыр
-
20:08, 1 қазан 2026
Тоқаев БАӘ өкілдерін «Достық» орденімен марапаттады





